Бұған дейін хабарланғандай, 29 мамыр күні "Өзенмұнайгаз" АҚ және "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС басшылығының "БерӘлі Маңғыстау Company" ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен кездесуі өтті, жиында оларға "Мөлдір Мұнайс Сервис" ЖШС-не жалақысы сақталатын жұмысқа орналасу ұсынылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Petrocouncil.kz-ке сілтеме жасап.
Кейінірек "БерӘлі" компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің бір бөлігі олардың жұмыс мәселесі шешілмейтінін, ал ұсынылып отырған кәсіпорын өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтінін және арнайы техникамен жабдықталмағанын атап өтті.
Айта кету керек, "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен "Өзенмұнайгаз" АҚ тарапынан қажетті тексерулерден өтіп жатыр. Қазіргі уақытта анықталған бірнеше сәйкессіздік тез арада жойылады. Келесі күні уәкілетті орган тарапынан қайта тексеру күтілуде.
Сондай-ақ, кездесуде "Өзенмұнайгаз" АҚ 3 жылдық тендеріне қатысу үшін "Кезби" ЖШС мен "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС арасында консорциум құру туралы келісім ұсынылды. Бұл консорциум APRS ұңғымаларын, арнайы техниканы және басқа жабдықтарды жөндеуге арналған агрегаттарды жаңартудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірледі және қабылдайды.
"Бұл "Бералы" қызметкерлерін жұмысқа орналастыру бойынша алғашқы ұсыныс емес. Мұндай ұсыныстарды біз екі ай бойы айттық. Әр жолы әртүрлі себеппен бас тартып жатыр. Білесіз бе, жыл сайын тендерлер өтеді: кейбір компаниялар жеңеді, басқалары ұтылады, бірақ біз әрқашан ұтылған компания жұмысшыларын қызметке орналастырамыз. Өткен жылдың аяғынан бастап Маңғыстау облысында еншілес компаниялар бойынша 192 тендер өткіздік, 57 позиция бойынша жаңа мердігерлер жеңіске жетті. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында біз оларға ұтылған компаниялардың 3 мыңнан астам қызметкерін ауыстырдық. Елдің бірде-бір өнеркәсіп саласында мұндай жұмыс жүргізілмейді. Мәселе тек "БерӘлімен" байланысты, дегенмен, компания тендерден ұтылған кезде біз оларға жеңіске жеткен компанияда бұрынғы шарттармен жұмысқа орналасуды бірден ұсындық", – деп атап өтті арнайы жұмыс тобының жетекшісі, ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.